Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын, татулық пен бірлікті білдіретін шапағаты мол мереке. Бұл күн жаңару, жасару, рақымшылық уақыты.

         Осы жыл басы отбасыларыңызға бақ пен береке, молшылық пен дәулет болып енсін. Әрқашан да еңбектеріңіздің еселі жемісін көріп, әрбір атқан келешектің нұрлы күнімен шаттықта шыңдалып, табыстарға жете беріңіздер.

       Көктемгі күн мен түннің теңелер шағы әр шаңырақты шаттыққа кенелтіп, жылу мен жаңа үміттерге толтырсын!

       Баршаңызға жақсылық, ынтымақ, ырыс пен береке тілейміз!