Көрмеге қатысу

Көрмеге қатысу

Мұражайға барғаннан кейін бір апта салып, әріптестерім жұмыс аптасының әр жұмасының түскі үзілісін мәдени іс-шараларға арнауға ұсыныс жасады. Міне, бүгін де - жұмыс аптасының соңғы күні Павлодар аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері М. Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға барып қайтты.
Кітапхана қабырғасында жақында белгілі Павлодарлық суретші Андрей Оразбаевтың көрмесі өткен болатын.
Андрей Оразбаев - суретші, Ресей суретшілер одағының халықаралық федерациясының мүшесі және Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Көптеген республикалық, халықаралық, облыстық, қалалық, көрмелер мен конкурстардың қатысушысы.
Сонымен қатар, аппарат қызметкерлері кітапханаға көркем әдебиеттер мен балалар кітаптарын, сөздіктерді сыйға тартты.


Павлодар аудандық
мәслихат аппаратының
әдеп жөніндегі уәкілі
А.Таласова

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айымгуль Бекеновна Таласова (@upe_pavlaudanymaslihat)