Совместное заседание постоянных комиссий

Совместное заседание постоянных комиссий

13 қаңтарда аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Бақытбек Баткеевтің төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.


Депутаттар жер комиссиясының, аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу, Павлодар аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау сұрақтарын қарады.


Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Конституциялық заңына сәйкес аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.


Ұсыныстар бес саяси партиядан келді. Оның негізінде округтік сайлау комиссияларының 11 құрамы құрылды.


Сұрақтар 34 кезектен тыс сессияның қарауы мен бекітуіне ұсынылды.