34 кезектен тыс сессия

34 кезектен тыс сессия
16 қаңтар күні мәслихат төрағасы Вера Гейнцтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың 34 кезектен тыс сессиясы өтті.
 
Депутаттар жер комиссиясының, аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу, Павлодар аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы сұрақтарды қарастырды. Бұл сұрақтар алдын ала мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланған болатын.
 
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
 
Округтік сайлау комиссияларының 11 құрамы құрылды.