Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

         Уақыт жылжып, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп, жаңа – 2023 жыл төрімізге аяқ басқалы отыр.

            Жаңа жыл – әрбір адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын ерекше мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды. 

            Ауданымыздың тұрғындарын жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, әр отбасыға амандық, баршаңызға мықты денсаулық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, елімізге береке-бірлік тілейміз! Жаңа жыл сіздерге шуақты сезімдер мен бақытты сәттер сыйласын!

         Елiмiз тыныш, ынтымағымыз мәңгi, болашағымыз баянды болсын!

            Мереке құтты болсын!

 

         Аудандық мәслихат депутаттары