33 сессия

33 сессия
23 желтоқсанда осы жылдың соңғы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Ержан Иманслям, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, округ әкімдері мен жергілікті қоғамдастық өкілдері қатысты.
Сессия басталар алдында аудан әкімі Ержан Иманслям жас депутаттар-Мадина Жұмадиева, Еламан Асылбеков пен Дмитрий Корепановқа алғыс хаттар табыстады.
2023 – 2025 жылдарға арналған ауылдық округтер мен Ольгинка ауылының бюджеттері туралы депутаттарды экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жанар Рахимбердина хабардар етті.
Желтоқсан айының басында бюджет жобалары жұмыс тобының отырыстарында, сондай-ақ тұрақты комиссиялар мен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында қаралды. Барлық ауылдық округтердің әкімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары – мәдениет үйлері мен клубтардың директорлары 2023 жылға арналған жоспарлар туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, топ жұмысына ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастықтары жиналыстарының өкілдері де қатысты.
Ұсынылған жобаларға сәйкес қаражат бөлу жоспарланатын негізгі бағыттар, бұл - ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметін қамтамасыз ету; мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау; көшелерді жарықтандыру; санитарияны қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; абаттандыру және көгалдандыру; ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; сумен жабдықтауды ұйымдастыру және басқалар.
Жалпы, ауылдық округтер мен Ольгинка ауылы бюджетінің көлемі 1 149 120 мың теңгені құрады, оның ішінде 120 961 мың теңге – бұл өз кірістерінің көлемі, ал едәуір бөлігі – 1028159 мың теңге субвенциялар мен трансферттер.
Сонымен бірге, Жанар Жарылғапқызы депутаттарды Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ұсынылатын әлеуметтік қолдау шараларымен таныстырды.
Ауылдық округтер мен Ольгинка ауылы бюджеттерінің жобалары бойынша бейіндік комиссияның төрағасы Бақытбек Баткеев қосымша баяндама жасады. Ол алдағы жылға арналған ауылдық бюджеттерде, оның ішінде Ольгинка ауылындағы кентішілік жолды жөндеуге, сондай-ақ "Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде Кеменгер, Новоямышево және Заңғар ауылдық елді мекендеріндегі кентішілік жолдарды жөндеуге қаражат көзделгенін атап өтті. Луганск ауылдық округінде Аққұдық, Богдановка және Луганск ауылдарында 3 балалар алаңын сатып алуға және орнатуға қаражат бөлу жоспарлануда. Черноярка ауылдық округінде - жазғы су құбырын жөндеу.
Одан әрі сессияда ауылдық округ әкімдерінің (Мичурин, Заря, Кеңес) есептері қабылданды.
Депутаттар қарап, бекіткен соңғы сұрақ - мәслихаттың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы. Мәслихат хатшысы Вера Гейнц бұл жоспар кездесулер, жеке қабылдаулар барысында, сондай-ақ депутаттық сауалдардың қорытындылары бойынша халық көтерген мәселелерді қарау мақсатында әзірленгенін атап өтті. Сонымен қатар, жоспарға жақын арада шешілуі керек мәселелер кірді.
Күн тәртібіне шығарылған барлық сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.