
2026 жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарының 1.2 және 2.2-тармақтарын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, іскерлік әдеп және ресми мінез-құлық нормаларын ұстану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және белгіленген шектеулер түсіндірілді, оның ішінде мемлекеттік қызметпен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыруға тыйым салу, сондай-ақ жақын туыстардың бірлесіп жұмыс істеуіне жол бермеу.
Ерекше назар ойын-сауық (құмар ойын) орындарына барудың жол берілмейтіндігіне, діни сенімдерді таңуға және бағынысты қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеуге аударылды.