Мәслихат аппараты қызметкерлеріне заңнама талаптары түсіндірілді

Мәслихат аппараты қызметкерлеріне заңнама талаптары түсіндірілді

Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 04/465-И хатын орындау мақсатында мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері Павлодар облысы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары қызметін тексеру қорытындылары туралы талдамалық анықтамамен таныстырылды. Мәслихат аппараты қызметкерлеріне заңнама талаптары түсіндірілді, атап айтқанда: құжаттарды толтыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жазалар қолдану қағидаларын сақтау, өз функционалдық міндеттерін орындауда жоғары жауапкершілік таныту және құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі көрсетілді.