
Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының 1.1-тармағын іске асыру мақсатында Павлодар аудандық мәслихат аппаратында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, қызметтік тәртіп нормаларының және қызметтік әдеп талаптарының сақталуы қамтамасыз етіледі.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне тұрақты еңбекақы, жыл сайынғы ақылы демалыс беріледі.
Аппаратта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Есепті кезеңде Павлодар аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ.