Павлодар аудандық мәслихатының 8 шақырылымының 40-шы кезектен тыс сессиясы өтті

Павлодар аудандық мәслихатының 8 шақырылымының 40-шы кезектен тыс сессиясы өтті

Сессия барысында депутаттар Павлодар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым бағыттағы мәселелерді қарастырды.

🔹 2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округтер мен Ольгинка ауылының бюджеттері
Депутаттар алдағы кезеңге арналған болжамдар мен ағымдағы жылдың нақты кіріс көрсеткіштерін ескере отырып әзірленген бюджет жобаларын талқылады. Негізгі назар ауылдық әкімдіктердің тұрақты жұмысына, инфрақұрылымды дамытуға, елді мекендерді абаттандыруға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталды.

🔹 Ауылдық жерге келген мамандарды әлеуметтік қолдау
Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұрақты тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, агроөнеркәсіп кешені салаларының мамандарына, сондай-ақ ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсыну туралы шешім қабылданды. Аталған шаралар ауылдық жерлерге кадр тарту және оларды тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылып, 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

🔹 Мемлекеттік тілді дамыту
Павлодар ауданында мемлекеттік тілді дамыту және оның қолданылу аясын кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп тыңдалды.

🔹 Кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелер
Аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, терроризмге қарсы комиссияның, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі комиссияның құрамы жаңартылды.

Сонымен қатар депутаттар Шақат ауылындағы қоқыс полигондарын ұйымдастыру және қызметтік тұрғын үйлерге қатысты мәселелерге қызығушылық танытты.

Сессияда қабылданған шешімдер ауылдық елді мекендердің кешенді дамуына, әлеуметтік саланы қолдауға және жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған.