
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі мәселелер қаралып, 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет бекітілді.
🔹 Бюджеттің негізгі бағыттары:
▪️ халықты әлеуметтік қолдау, отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек көрсету
▪️ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық: сумен жабдықтау, су бұру, жылу желілері, коммуналдық инфрақұрылымды салу және жөндеу
▪️ ауылдық елді мекендерді дамыту: көшелерді жөндеу, көше жарықтандыру, бейнебақылау орнату, балалар ойын алаңдарын салу
▪️ қауіпсіздікті қамтамасыз ету: өрттің алдын алу іс-шаралары, өрт сөндіру бекеттерін ашу және ұстау, төтенше жағдайлардың алдын алу
▪️ мәдениет, спорт және жастар саясаты: мәдениет үйлері мен кітапханалардың жұмысы, іс-шаралар өткізу, жастарды қолдау
▪️ білім беру және әлеуметтік нысандар: мектептер мен балабақшаларды жылыту маусымына дайындау
▪️ ауыл шаруашылығы және ауылды дамыту: мамандарды қолдау, жер және аграрлық мәселелер
▪️ көлік және коммуникациялар: аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау және жөндеу, әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау
🔹 Келесі құжаттар бекітілді:
▪️ аудандық мәслихат төрағасының 2025 жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі
▪️ әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі
▪️ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі
▪️ аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары
Аудандық мәслихаттың қызметі Павлодар ауданының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.