Түсіндіру-профилактикалық жұмыс жүргізілді

Түсіндіру-профилактикалық жұмыс жүргізілді

2025 жылға арналған этика жөніндегі уәкілетті тұлғалардың жұмыс жоспарының 2.9 және 2.10-тармақтарына сәйкес, қызметтік тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында мәслихат аппаратының қызметкерлерімен түсіндіру-профилактикалық жұмыс жүргізілді. Аталған жұмыс мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйінде болуына жол бермеу және оның алдын алу, сондай-ақ қызметкерлердің жынысына қарамастан әріптестерге құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, кез келген түрдегі кемсітушілікке, жыныстық бопсалауға және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсаттарына бағытталды. Бұдан бөлек, іс-шаралар мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық және этикалық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әйелдердің құқықтары мен гендерлік теңдік туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Павлодар аудандық мәслихат аппаратының басшысы
және Әдеп жөніндегі уәкілі