Павлодар ауданы мәслихатының 37-ші кезектен тыс сессиясы өтті

Павлодар ауданы мәслихатының 37-ші кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін депутаттар аудан бюджетін нақтылау мәселесін қарастырды.

Бюджетті нақтылау жергілікті атқарушы органның бастамасымен жүргізіліп, кірістерді нақтылау және әртүрлі бағдарламалар бойынша қалыптасқан үнемді қайта бөлу қажеттілігімен байланысты.

Үнемделген қосымша қаржы төмендегілерге бағытталатын болды:
— тарифтің өсуіне байланысты жолаушылар тасымалын субсидиялауға;
— электр энергиясының қымбаттауына байланысты су жеткізу және көтеру қызметтерін төлеуге;
— Ақкудық ауылындағы нысандардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына және су тазарту жүйесін сатып алуға.

Депутаттар көлік тарифтерін субсидиялау, автобус маршруттарының жұмысы және “Ауыз-су” кәсіпорны қызметкерлеріне зейнетақы аударымдарын есептеу мәселелеріне назар аударды.

Жүргізілген барлық түзетулердің нәтижесінде Павлодар ауданының бюджеті өзекті қажеттіліктерге сәйкес нақтыланып, қайта бөлінді.