
Мониторинг барысында олар мәзірмен, тамақ дайындауға пайдаланылатын өнімдерге сертификаттардың, мектеп асханаларының қызметкерлерінде санитарлық кітапшалардың болуымен, тамақ дайындау аймағы жабдықтарының санитарлық жағдайымен, оқушылардың тегін тамақтануға арналған тізімінің болуымен танысты.
Жалпы, оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастырумен жағдай қанағаттанарлық. Барлық мектептерде 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектеп оқушыларымен әңгімелесу барысында (Кеменгер мектебінде) балалардың өз талғамына қарай таңдау мүмкіндігі болуы үшін асханаларда буфет ұйымдастыруға тілек айтылды. Кейбір балалар итмұрын сусынын, лимон суын, каркада шайын ішкісі келмейді.
Мониторингтің қорытындысы Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланатын болады.