
Чернорецк ауылдық округінің сайлаушыларының аудандық мәслихат депутаты Р.С.Смағұловпен кездесуіне қатыстым.
Ауыл тұрғындары депутаттың есебін талқылауға белсене қатысып, Достық ауылында су құбырының салынуы және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселелеріне қызығушылық танытты. Барлық көтерілген сұрақтар бақылауға алынды.
Жалпы сайлаушылар депутаттың жұмысына оң баға беріп, оның ауылдың дамуына, мектепке және ауыл ардагерлеріне көрсеткен көмегін ерекше атап өтті.
Есеп беруден кейін азаматтарды жеке қабылдау өтті.
Депутаттардың есеп беру кездесулері ауданның басқа ауылдық округтерінде де жалғасады.