
10.09.2025 "Павлодар ауданының емханасы" ШЖҚ КМК базасында даму және ерте араласу орталығы (ЦРРВ) ашылды. Осы бөлімшенің құрамында логопед қабылдау ұйымдастырылған. Маман жас балаларда сөйлеу дамуының бұзылуын диагностикалайды және түзетеді.
Сондай - ақ, 13-14.10. 25 емхана базасында көшпелі психо – медициналық-педагогикалық комиссия ұйымдастырылып, өткізілді. 2 жұмыс күні ішінде дәрігерлік амбулаториялардың жолдамасы бойынша дамуында және мінез-құлқында бұзушылықтары бар 16 бала мамандардың кеңестері мен ұсынымдарын алды.
Тұрақты негізде емханада психо –дене дамуын бағалай отырып, жас балаларды қабылдау жүргізіледі. Сөйлеу қабілеті мен мінез-құлқының бұзылуы анықталған балалар АСД-ға тестілеуден өтеді және қорытындысы бойынша ОПМПК-нің келесі көшпелі комиссиясы үшін балалар тобы құрылады.