
2025 жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарының 2.4-тармағын іске асыру мақсатында мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері 2025 жылғы 22 қазандағы № -04/1483-И Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері жөніндегі хатының мазмұнымен таныстырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің және Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді