2025 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.

2025 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.

Аталған мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Ж. Рахимбердина хабардар етті.

6 ауылдық округтің (Заңғар, Кеңес, Мичурин, Ольгинка, Рождественский, Черноярский) бюджеттерін нақтылау кезінде бюджеттің кіріс бөлігін жалпы сомасы 23214,0 мың теңгеге ұлғайту және үнемдеу сомасын 1806,0 мың теңге мөлшерінде бөлу жоспарлануда.

Үнемделген қаражат Черноярка ауылдық округінің Новочерноярка, Черноярка ауылдарындағы көше жарықтандыру шамдарын ауыстыруға байланысты көше жарықтандыру қызметтеріне ақы төлеуге; Заңғар округінде қосалқы бөлшектер сатып алуға; Мичурин округінде көше жарықтандыру желісін ауыстыру және ағымдағы жөндеу жүргізу, бейнекамера орнату, кентішілік жолдарды қысқы күтіп ұстау және  жол белгілерін орнатуға; Ольгинка ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеуге; Рождественка округінде көшені қиыршық таспен өңдеу жұмыстарына. Рождественка ауылындағы Степная, ЖСҚ түзету және  ауылындағы кентішілік жұмыстарды жөндеу бойынша ведомстводан тыс сараптамадан өтуге; кентішілік жолдарды грейдерлеу және қысқы мезгілде  ұстауға, Рождественка ауылындағы су бұру құрылыстары үшін жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды дайындауға жұмсалады.

Мәселені талқылаудың қорытындысы бойынша Заңғар, Кеңес, Мичурин, Рождественский, Черноярск ауылдық округтері мен Ольгинка ауылының бюджеттерін нақтылауды қолдау туралы шешім қабылданды.