Аудандық мәслихат депутаттарының атынан «Ertis» жоғары Инновациялық аграрлық колледжінің директоры және аудандық мәслихат депутаты Айгүл Сембайқызы Байжұманованы Қазақстан Республикасының «Үздік ауыл шаруашылығы колледжі» аграрлық колледждері арасында жоғары наградаға ие болуымен құттықтаймын. Бұл іс-шара техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнін мерекелеу аясында өтті. Марапатты Ақтау қаласында ағарту вице-министрі табыстады. Бүкіл ұжымның бұл марапаты көп жылғы адал еңбекті, жоғары кәсібилікті және аграрлық сектор үшін білікті мамандарды даярлауға қосқан елеулі үлесін мойындау болды.
Сізге одан әрі өркендеу, Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін еңбегіңізге толағай табыс тілеймін!
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шұғаев