Түсіндіру жұмысының жүргізілуі

Түсіндіру жұмысының жүргізілуі
2025 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарының 2.1 және 2.3-тармақтарын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 2 қазанында Павлодар ауданы мәслихаты аппаратының бас маман лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшісі — Сыздықова Гаухар Орналиқызына түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді. 
 
Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің заңнама нормалары мен Әдеп кодексінің ережелері, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға байланысты шектеулерді сақтау жөнінде түсіндірілді.
 
Сыздықова Гаухар Орналықызы 1967 жылы туған, жоғары білімі бар. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.
 
Сонымен қатар, Павлодар ауданы мәслихаты аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.