Білім күні және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Білім күні және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті оқушылар, студенттер, ұстаздар және ата-аналар!

Сіздерді Білім күні және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

1 қыркүйек – бұл білімге ұмтылыс пен жаңалықтарды қарсы алудың, жаңа белестерге жол ашатын ерекше күн. Оқушылар мен студенттер үшін – бұл жаңа жетістіктерге бастайтын маңызды кезеңнің бастауы, ал ұстаздар үшін – келешек ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жолындағы жауапты миссияның бастамасы.

Барша ұстаздар қауымына адал еңбегі, төзімділігі мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Жаңа оқу жылы сіздерге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс пен шәкірттеріңіздің жетістіктерінен қуаныш әкелсін!

Құрметті оқушылар мен студенттер! Жаңа оқу жылы сіздер үшін тың білімге, қызықты жаңалықтар мен жарқын жеңістерге толы болсын! Өздеріңізге сеніңіздер, үлкен мақсаттар қойып, сол жолда нық қадам басыңыздар!

Павлодар ауданы мәслихатының депутаттары