📍 Павлодар ауданына қарасты Бірлік ауылында тарихи оқиға орын алды — ауыл тарихында алғаш рет жаңа мектеп өз есігін ашты

📍 Павлодар ауданына қарасты Бірлік ауылында тарихи оқиға орын алды — ауыл тарихында алғаш рет жаңа мектеп өз есігін ашты

🏫 Жаңа ғимарат оффтейк-келісім жүйесі арқылы салынды: инвестор қаржы құйып, дайын нысанды мемлекет сатып алды.

Мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда 14 оқу кабинеті, кең спорт залы, шеберхана, кітапхана, акт залы, асхана және медициналық кабинет бар. Сонымен қатар, мектепке дейінгі балаларға арналған 40 орындық шағын орталық ашылды. Білім ошағы жаңа оқу жылына толық дайын.