Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы қатты дауылдан зардап шеккен Заря ауылындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты

Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы қатты дауылдан зардап шеккен Заря ауылындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты

Заря ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Жанат Шұғаев 19 маусым күні болған қатты дауылдан зардап шеккен Заря ауылындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Табиғат апаты елеулі залал келтірді — тұрғын үйлер, балабақша, БЖСМ спорт кешені мен Мәдениет үйі зақымданды.

💨 12 үйдің шатырлары толықтай ұшып кеткен, жалпы саны 54 үйге зиян келген.

Аудан әкімдігі тарапынан табиғат апатынан келген шығынды бағалау бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта барлық нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар жақын арада аяқталады деп жоспарлануда.

Зардап шеккен үйлердің иелеріне өтемақы төлеу басталды.

Депутаттар атынан қалпына келтіру жұмыстарына атсалысып, тұрғындарға қиын жағдайдан шығуға көмектесіп жатқан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін.