2025 жылғы 4 шілдеде Көкшетау қаласында өткен шахматтан «SENAT OPEN 2025» екінші ашық кубогының іріктеу кезеңіне Павлодар ауданынан үш өкіл қатысты.
Атап айтқанда, Григорьевка ауылдық округінің әкімі Бланкин Талғат Төлегенұлы мемлекеттік қызметшілер арасынан екінші орынды иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, 6-шы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаты Кашитов Азамат Өмірзақұлы мен Ефремовка ауылдық округінің жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің мүшесі Алашбаев Файзулла Сапарбекұлы аталмыш додаға белсенді түрде қатысып, өз шеберліктерін паш етті. Ойынның екі қатысушысы Т.Бланкин мен А.Кашитов 29 тамызда Астана қаласында өтетін финалдық турнирге қатысу үшін жолдама алды.
Аудан өкілдерінің осындай маңызды жарысқа қатысуы іс-шараның маңыздылығын атап қана қоймай, спорттың дамуына елеулі үлес қосты.
Қатысушыларға алдағы уақытта толағай табыс, жарқын жеңістер және жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тілейміз.