«Астана күні» мерекесіне орай түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Астана күні» мерекесіне орай түсіндіру жұмыстары жүргізілді


Астана күні мерекесіне орай, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және еңбек заңнамаларын, сондай-ақ Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әсіресе, Әдеп кодексінің 10-тармағына сәйкес, қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілердің жалпыға ортақ моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы, қоғамдық орындарда кішіпейілділік танытуы, лауазымдық жағдайын көрсетпеуі және оны жеке мақсатта пайдаланбауы, сондай-ақ қоғамға қарсы мінез-құлыққа жол бермеуі жөнінде нақты ескерту берілді.


Түсіндіру барысында әрбір мемлекеттік қызметшіге мереке және демалыс күндері де қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігі айтылды.