Медицина қызметкерлері күнімен!

Медицина қызметкерлері күнімен!

Құрметті дәрігерлер!
Қадірлі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер күн сайын азаматтардың денсаулығын қорғап, адам өмірін сақтап қалу жолында аса жауапты да абыройлы миссияны атқарып келесіздер. Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті, терең білімді, жанашырлықты және шынайы жан қалауымен қызмет етуді талап етеді.

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсету — мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, өз істеріңізге адалдықтарыңыз, әрдайым көмекке келуге дайындықтарыңыз зор алғыс пен терең құрметке лайық. Қоғамға қосып отырған үлестеріңіз баға жетпес.

Сүйікті мамандығыңыз бен адамға деген махаббатыңыз жаңа жетістіктерге шабыт берсін! Сіздерге мейірімдеріңіз, табандылықтарыңыз, жанашырлықтарыңыз және кең жүректеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, табыс пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз! Еліміздің — Қазақстан Республикасының — гүлденуі жолында еңбектеріңіз жана берсін!

Аудандық мәслихат депутаттары