Қоғамдық кеңес мүшелерінің жол мониторингі

Қоғамдық кеңес мүшелерінің жол мониторингі

Павлодар ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі С.Г. Шин Ефремов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен бірлесіп, Ефремовка ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеу барысына мониторинг жүргізді. Жұмыстарды "Davo" ЖШС мердігері орындайды. Жұмыстар сапалы жүргізілуде, ауыл тұрғындары риза, ЖҚЖ мүшелерінен құрылған мониторингтік топ жолды төсеу сапасын және бүкіл жұмыстар процесін үнемі тексеріп отырады.