ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 6 ақпанда Ақтоғай ауданы әкімдігінің ғимаратында үлкен мәжіліс залында сағат 11-00-де VIІІ шақырылған Ақтоғай аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІХ сессиясы шақырылады. Сессия Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі: 1.Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» № 168/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – Бектұров Оразғали Жұмабайұлы. 2. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының елді мекендерінде жер телімдер үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы. 3. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәурдегі № 123/17 «Ақтоғай ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шішіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы:Ақтоғай ауданының жер қатынастар бөлімінің басшысы – Абылшайықов Айбек Қанағатұлы.