О питании школьников

О питании школьников

Мектеп оқушыларының тамақтануы мен болашақ бюджет талқыланды

9 желтоқсанда, Бейбіт Алхановтың төрағалығымен,  аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында Ақтоғай ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес отырысы жұмысына аудандық мәслихаттың төрағасы Жанат Тәшенев, аудан әкімінің орынбасары Саяуш Садвакасов, сонымен қатар zoom арқылы ауылдық округтер әкімдері қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне:

- Ауданның жалпы білім беретін мектептерінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру;

- 2026-2028 жылдарға арналған аудан және ауылдық округтердің бюджеттерін қалыптастыру барысы;

- Ауданның экономиканың нақты секторы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы;

- Ақтоғай ауданы Қоғамдық кеңесінің 2026 жылдың I- ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары туралы  мәселелер шығарылды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндаушы: Ябс Татьяна Васильевна, білім бөлімі басшысы міндетін атқарушы, екінші сұрақ бойынша  Жұмағұлова Күляйім Қайырқызы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, үшінші сұрақ бойынша Секенов Самат Балкенұлы, экономиканың нақты секторы бөлімі басшысы міндетін атқарушы баяндама жасады.

Қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар ұсыныстар айтып, тиісті шешімдер қабылдады.

Отырыста сонымен бірге Қоғамдық кеңестің 2026 жылдың бірінші тоқсанына  арналған жұмыс жоспары бекітілді.

 

Шайахмет САДУАҚАСОВ, Қоғамдық кеңес хатшысы