2025 жылғы 16 мамырда VІІІ шақырылған Ақсу қалалық мәслихатының ХХХІV кезектен тыс сессиясы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы» № 172/29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарлайды: Ыбыраева Бибігүл Жұмагелдықызы - экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
- 2025-2029 жылдарға арналған Ақсу қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы.
- Қалалық мәслихаттың 2023 жылға 26 желтоқсандағы ”Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы“ № 96/13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 20 қыркүйектегі ”Ақсу қаласы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы“ № 50/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі ”Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамы туралы” № 25/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 01 қарашадағы ”Жер телімдерін меншікке және жерді пайдалануға беру жөніндегі қалалық комиссияның жеке құрамы туралы” № 268/34 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.