
2025 жылғы 16 сәуірде Ақсу қалалық мәслихатында мемлекеттік қызметші Айжан Жодаспекқызы Ахмечанованың ант беру рәсімі өтті. Салтанатты антын "Ақсу қаласы мәслихатының аппараты" ММ басшысы Қабиденова Назгүл Елубайқызы қабылдады.
Айжан Жолдаспекқызы еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал және кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Мәслихат аппаратының басшысы жаңадан құрылған мемлекеттік қызметшіні сынақ мерзімінен сәтті өтуімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне ант беруімен құттықтады.