
3-4 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Басты тақырып мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі.
Отырысқа Үкімет мүшелері, сенаторлар, барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, оның ішінде Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы Мәдениет Омарғалиев қатысты.