Құрметті жерлестер!
Қадірлі ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттқтаймын! Сыңғырлаған әсем қоңыраудың үнімен басталатын күздің алғашқы күнінде жаңа оқу жылы басталады. Бұл ұстаздар мен оқушылар, ата – аналар үшін ерекше тебіреніске толы күн.
Білімді, ақылды, тәрбиелі ұрпақтың бастауы – білім ошақтары. Бұл саланың ел болашағының негізін қалауда алар орны ерекше. Еліміздің өсіпөркендеуі - ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына, мектеп біліміне тікелей байланысты. Сондықтан да, білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттарының бірі. Бүгінгі оқушыларымыздың ата-бабамыздың елі мен жеріне деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, білімді әрі ой өрісі кең азаматтар болып өсетініне сенімдімін.
Білім күні құтты болсын!
Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы А.Қасымова