Құрметті Аққулы ауылының тұрғындары!

Құрметті Аққулы ауылының тұрғындары!

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты аудандық мәслихат депутаттары "ЛОГОТЕК КZ" мердігерлік ұйымының қатысуымен өткен көшпелі жұмыс кеңесіне қатысты. Тұрғындардың күрделі су құбырынан суды көп тұтынуына байланысты сорғы станциясының суды тазартуға уақыты жетпеуде (соңғы уақытта ол шамамен 3 есе өсті). Мердігер ұйымның мамандары сумен жабдықтау жүйесіне тексеру жүргізді және осмостық жабдыққа (сүзгілерге) су беру қысымын арттыру бойынша іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізді, осылайша жұмыс өнімділігін 30% - ға арттырды. Су беруді ретке келтіру үшін қосымша 2-3 күн керек. Қажет болған жағдайда суды өткізу қуаты арттырылады.

Сондай-ақ депутаттар жазғы су құбырының жұмыс істеуіне мониторинг жүргізді. Қазіргі уақытта 3 жаңа сорғы орнатылды, жақын арада тағы 1 сорғы сатып алу жоспарлануда. Ескіруіне байланысты су құбыры желілерінің көптеген жарылуы анықталуда. Бұл мәселе бақылауда!