Аққулы ауданында жазғы сауықтыру науқаны басталды.

Аққулы ауданында жазғы сауықтыру науқаны басталды.

Маусым айынан бастап Аққулы ауылының жалпы орта білім беру мектебі жанынан жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Лагерьдің алғашқы маусымында бастауыш сыныптың 50 оқушысы демалуда.
Аудандық мәслихат депутаттары А. Қасымова, А. Абилова және Е. Шакиров Аққулы ауылындағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысына мониторинг жүргізді.
Лагерьді аралау барысында олар оқушылардың демалу жағдайымен, тамақтандырудың ұйымдастырылуымен және бос уақыттарын тиімді өткізу жұмыстарының барысымен танысты.
Балаларға аудан бойынша бекітілген бірыңғай мәзір негізінде толыққанды тамақтану ұйымдастырылған. Оқушылармен тәжірибелі педагогтер жұмыс істеп, олардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауда.
Лагерь бағдарламасы спорттық жарыстарға, шығармашылық шеберлік сабақтарына, танымдық экскурсияларға, зияткерлік ойындарға және мәдени-көпшілік іс-шараларға толы. Білім беру жобалары мен бейіндік бағыттарға ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, киіз үй лагері, «Шебер қол» үйірмесі, «Happy English» ағылшын тілі курсы, робототехника, сурет салу бойынша арт-студия және IT бағыты жұмыс істейді.