
Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде аудандық мәслихаттың аграрлық өнеркәсіп кешені, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Аудандық ветеринариялық станция басшысы А.С.Елтаевтың есебі тыңдалды. Ақпаратқа сәйкес ағымдағы жылы Аққулы, Бесқарағай, Жамбыл, Қарақала, Қызылқоғам ауылдарында 5 мал қорымын және Баймолдино ауылында ветеринариялық пункт салу жоспарлануда. Екінші мәселе бойынша Аққулы аудандық ауруханасының басшысы А.Т.Талғат ауруханада температуралық режимді қалпына келтіру бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады. 2026 жылы аурухананың өз қаражаты есебінен бір КВ-900 қазандығын ауыстыру жоспарлануда. Сонымен қатар, үшінші қабаттағы бос тұрған бөлмелерден қайта бөлу арқылы 3-5 секциялы радиаторларды 12 және одан да көп секциялы радиаторларға ауыстыру көзделген. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.