
Бүгін, 12 наурызда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының III республикалық форумы өтті.
Форум барысында ел дамуының өзекті мәселелері, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру және мәслихаттардың рөлін арттыру талқыланды. Мемлекет басшысы депутаттардың халықпен тығыз байланыста болуының, тұрғындардың проблемаларын уақтылы көтерудің және оларды шешуге белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Форум жергілікті өкілді органдардың жұмысын жаңа деңгейге шығару, тәжірибе алмасу және өңірлердің дамуына серпін беру үшін маңызды алаңға айналды. Депутаттар халықтың сенімін одан әрі ақтауға және ел игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.
https://www.akorda.kz/ru/glava-gosudarstva-vystupil-na-iii-respublikanskom-forume-deputatov-maslihatov-vseh-urovney-1221049