«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Әйтей ауылының тұрғындарымен экспромт-кездесу өткізіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен басым бағыттарын кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында коалиция өкілдері құжаттың басты мақсаты – елде әділеттілік қағидаттарын орнықтыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейту, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін арттыру екенін атап өтті.