Бүгін Аққұлы ауылында "Қазақстанның әділетті және прогрессивті халықтық Конституциясы үшін!" акциясы өтті. Ұлттық коалиция мүшелері білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге аудандық коалицияның жетекшісі Қасымова Алма, оның орынбасары Әбілова Аймгүл және облыстық коалицияның мүшесі Дулат Әбетжанов қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарын талқылады. Білім беру саласының қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, құжаттың елдің болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.