
⚡️Конституцияны жаңғыртуға бағытталған ұсыныстар кешенді түрде талқыланып, реформаның нақты мазмұны айқындалды.
⚡️Жұмыс тобы жекелеген нормалармен қатар, Конституцияның тұжырымдамалық негіздерін қайта қарастырды. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалық актісінің кіріспесін жаңа редакцияда қабылдау ұсынылды.
⠀
⚡️Жалпы, Конституция мәтінінің 84 пайызы жаңартылады. Бұл Ата заң мазмұнының қайта құрылуы дегенді білдіреді. Құжатта 11 бөлім, 104 бап қамтылған, екі жаңа бөлім – «Халық Кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі» енгізіледі, бірқатар бөлімдер қайта аталады.
⠀
⚡️Комиссия жұмысы кәсіби жұмыс топтарының, оның ішінде заңгерлер мен лингвисттердің қатысуымен жүргізіліп жатқанын айтып өткеніміз жөн. Алдағы уақытта да комиссия жұмысының хал-ахуалымен, жаңалықтарымен бөлісіп, ақпарат беретін боламыз.