
Жаңадан жазылған Ата Заңымыздың маңыздылығын түрлі алаңдарда ашық талқылап жатырмыз. Конституциямызды жаңғырту мен дамыту процесіне азаматтар барынша қатысып, белсенділік танытуда .
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко мен облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бәкір Демеуов, “Аманат” партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Николай Дычко бастаған құрам партияның “Жастар рухы” өкілдері және Торайғыров университетінің студенттерімен кездесіп, Конституциялық реформаның маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті. Ашық диалог барысында жастар спикерлерге нақты сауалдарын қойып, заңмен негізделген жауаптар алды.
Кездесу соңында кездесуге қатысушы жастар өз пікірлерін айтып, реформаға қолдау білдірді.