
Конституциялық реформа бойынша комиссияның мүшесі, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық Кеңестердің мүшелері және Кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, Конституциялық реформа туралы жан-жақты ақпарат берді. Кездесу барысында облыстың депутаттары мен қоғам белсенділері өз пікірлерін айтып, қолдауларын білдірді.