
Бүгін, 14 қаңтар күні Аққулы ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері аудан орталығында орналасқан екі дәріханада дәрі-дәрмек бағаларының шекті мөлшерде сақталуына мониторинг жүргізді. Мониторинг нәтижесінде іріктеп тексерілген бірнеше дәрі-дәрмектің бағасы белгіленген шекте сақталғаны анықталды. Сонымен қатар дәріханалардың жұмыс істеу тәртібі мен санитарлық-тазалық жағдайы қалыпты деңгейде екені байқалды.