2025 жылғы 19 желтоқсанда сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында VІІІ шақырылған Аққулы ауданы мәслихатының ХLI кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
- Аққулы ауданының ауылдық округтерінің 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы.
- Бюджет, экономикалық реформалар және аймақтық дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
- Агроөнеркәсіптік кешені, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
- Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.