Аудандық мәслихаттың XXXVII кезектен тыс сессиясы өткізілді

Аудандық мәслихаттың XXXVII кезектен тыс сессиясы өткізілді

Бүгін, 2025 жылғы 17 қазан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың XXXVII кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессияда аудан бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бюджеттік қаражат коммуналдық қызметтерді төлеуге, Шақа, Майқарағай және Баймульдино ауылдарында көше камераларын орнатуға, қысқы жол жөндеу жұмыстарына бағытталды. Сондай-ақ Аққулы, Әйтей, Майқарағай ауылындағы мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінді. Осы мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.