2025 жылғы 29 қыркүйекте аудандық мәслихаттың аграөнеркәсіптік кешені, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Аудандық полиция бөлімінің мемлекеттік инспекторы, аға лейтенант Д.Ж.Бариттің "Аудан жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы" ақпарат тыңдалды. Ақпаратқа сәйкес ауданда тұрғындармен, шаруа қожалықтарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, автомобиль жолдарына ауылшаруашылығы малдарының шығу проблемасы бар, бұл жол-көлік оқиғаларының ықтималдығын тудырады. Мәселе таврлау, чиптеу және таңбалаудың болмауына байланысты мал иелерін анықтау қиын болғандықтан да күрделене түседі. Сондай-ақ, республикалық трассаның белгілі бір учаскелерінде торлы қоршауларды орнату қажеттілігі бар. Бұл мәселе ағымдағы жылдың соңына дейін ауданның ветеринариялық қызметінің қатысуымен тағы да қаралстырылатын болады.