Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек күні Аққулы аудандық мәслихатының ХХХVІ кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия барысында Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «Аққулы ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 123/29 және 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Аққулы ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 57/14 шешіміндеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелері қарастырылды.
Қорытындысында ауданның елді мекендеріндегі көше жарығына бөлінетін қаражат сомасына талдау жасау, абаттандыру және жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын бақылауға алу ұсынылды. Учаскелік сайлау комиссияларының шығып кеткен мүшелерінің орнына 12 мүше сайланып, құрамы бекітілді.