Ағымдағы жылғы 15 қыркүйек күні Аққулы аудандық мәслихатының ХХХV кезекті сессиясы өтті. Сессия барысында тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, Аққулы және Ямышев ауылдық округтері әкімдерінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есептері тыңдалды. Сондай-ақ жер комиссиясы құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылды. Қорытындысында бірқатар ұсыныстар енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.