Аудандық мәслихаттың 33 кезектен тыс сессиясы өткізілді

Аудандық мәслихаттың 33 кезектен тыс сессиясы өткізілді

Бүгін, ағымдағы жылдың 26 маусым күні Аққулы ауданы мәслихатының 33-ші кезектен тыс сессиясы өтті.

          Сессия барысында Аққулы ауданының ауылдық округтерінің 202-2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Ауданның ауылдық округтерінде көше бейнекамераларын және Аққулы, Қызылағаш ауылдық округтері әкімдіктерінің ғимараттарында пандустар орнатуға, көше жарығының ағымдағы жөндеуге және автомобиль жолдарын күтіп ұстауға қаражат бөлінді. Сондай-ақ, Аққулы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілді.

          Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.