Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасымен "Таза Қазақстан" акциясы аясында іс-шаралар өткізілді.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасымен "Таза Қазақстан" акциясы аясында іс-шаралар өткізілді.

              «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде іс-шаралар жүріп жатыр.

      Аққулы ауданы қоғамдық кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде іс-шаралар жүріп жатыр. 9-10 маусым күндері қоғамдық кеңес мүшесі  Асхат Бауыржан бастаған топ Майқарағай ауылдық округі Мерғалым ауылында 2023 жылы пайдалануға берілген туристік-қажылық нысан, тарихи-мәдени ескерткіш «Мерғалым ата» кесенесі аумағында мониторинг жүргізді. Мониторингілеу тобының құрамында Майқарағай ауылдық округінің әкімі Раскельдинов Сейфулла Төкенұлы, жергілікті қоғамдастық төрағасы Бихиянов Ақылбек Башарұлы бар.

     Мониторинг барысында «Мерғалым ата» кесенесі аумағының тазалығы мен абаттандырылуы әрдайым ауыл тұрғындарының, ауылдық әкімшіліктің, ел белсенділерінің назарында екендігі байқалды. Кесене «Ертіс орманы» мекемесінің қарамағында болғандықтан, гүл егу, ағаш егу мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады, жер-жерде қоқыс тастауға арналған контейнерлер орналастырылған. Тазалық жұмыстары осы ауылдың ерікті белсенділері Байдүйсенова Раушан Темірғалиқызы мен Қабдуллина Шолпан Қабайқызы ұйымдастыруымен Мерғалым ауылы тұрғындарының күшімен істеледі.

      «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде іс-шаралар әлі де жалғасын табады.